Сандар сөйлейді: телефон нөміріңіздің соңғы саны қандай?

Сандар сөйлейді: телефон нөміріңіздің соңғы саны қандай?

Сандар сөйлейді: телефон нөміріңіздің соңғы саны қандай?
ашық дереккөзі
Адамзаттың соңғы жарты ғасырда жеткен керемет жетістіктерінің бірі – ұялы телефонның пайда болуы. Күнделікті қолданатын телефонға нөмір таңдауда адам бірінші неге назар аударады? Адамдардың басым бөлігі телефон нөмерінің соңғы санын туған күнімен байланыстырып алады екен. Ал сол нөмірлердің адам мінез-құлқын айқындайтындығын біліп пе едіңіз? 1. Өзіңізге де, өзгеге де талапшылсыз. Бірақ бойыңызда менмендік жоқ. Адамгершілігіңіз мол. Жақындарыңызды әрдайым қуантуға тырысасыз. 2. Жауапкершілігі мол жансыз. Жұмыста көп міндетті мойыңызға жүктеп аласыз. Кез келген жағдайда тез әрекет етуге бейімсіз. Ойыңыз ұшқыр, тіліңіз өткір. 3. Креативті идеяларға бай адамсыз. Жалғыздықты ұнатасыз. Қолға алған әрбір істі соңына жеткізесіз. Жауапкершіліктен қашпайыз. Қоғамның пікіріне тәуелді емессіз. 4. Түйсігіңіз жақсы дамыған. Қарсы алдыңызда қандай адамның тұрғанын сөйлеген сөзінен білесіз. Көңілшексіз. Айтылған сөзді жүрекке жақын қабылдайсыз. 5. Өзіңізге сенімді адамсыз. Алдыңызға мақсат қоя білесіз. Қандай жұмыс болса да тартынбай, еңбек етуге дайынсыз. Шыншылсыз. Кез келген пікір мен сынға дайынсыз. 6. Энергиясы мол адамсыз. Бойыңызда көшбасшылық қасиет бар. Шешімді аяқ астынан қабылдауға бейімсіз. Тәуекелге баруға дайынсыз. Өмірге ғашықсыз. Жан-жағыңызды таңғалдырып жүресіз. 7. Сабырлы жансыз. Жеті рет өлшеп, бір кесетін адамсыз. Эмоцияға беріле бермейсіз. Айналаңыздағыларға сенім орната білесіз. 8. Кез келген ортаға тез бейімделесіз. Адамдармен бірден тіл табысып кете аласыз. Достарыңыз көп. Өзіңізге сенімдісіз. Ақкөңіл жансыз. 9. Сіздің ойлау қабілетіңіз рационалды, аналитикалық. Өзгелерге күдікпен қарайсыз. Өз шаруаңызды өзіңіз тындырғанды жөн санайсыз. 0. Шығармашылыққа жақын адамсыз. Әр нәрседен сұлулықты, позитивті көресіз. Жақын жандарға көмек көрсетуге әркез дайынсыз.