Жаңалықтар

«Жастар рухы» жаңа жоба бастады

ашық дереккөзі

«Жастар рухы» жаңа жоба бастады

«Жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділік, құмар ойындардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасы шеңберінде тәжірибе алмасу және шетелдік практикаларды енгізу үшін онлайн халықаралық алаң іске қосылды. Бұл жобаны «Жастар Рухы» жастар қанаты «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асыруда. Бірінші отырыстың тақырыбы «Интернет ресурстарды құқықтық реттеу» болды. Талқылауға Қазақстан, Қытай, Әзірбайжан және Татарстан жастар ұйымдарының көшбасшылары мен сарапшылары қатысты. Сондай-ақ, осы жоба аясында балалар мен жасөспірімдердің білімін арттыру және интернетке тәуелділігінің алдын алу мақсатында «GalamTOP» онлайн курстары өткізілуде, жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділік, құмар ойындары және кибербуллинг деңгейі жоғары өңірлерді анықтау үшін 32 фокус-топтық талқылау жүргізілді, сондай-ақ жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша материалдарды тарату бойынша @GalamTOP Telegram арнасы жұмыс істейді.