Ерлан Ыдырысов жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Ыдырысов жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Ыдырысов жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
ҚР бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Қазақстан Президенті Ерлан Ыдырысовтың Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасының елшісі болып тағайындалғанын хабарлады. Мемлекет басшысы оған осыған дейін ведомство басшысы қызметін атқарғаны үшін алғыс білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа және жаһандағы жағдайларға байланысты Сыртқы істер министрлігіне алда біраз жұмысты атқару керектігін айтып өтті», — делінген хабарламада. Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы 1959 жылы 28 сәуірде Қарқаралыда дүниеге келген. 1999-2002 жылдары және 2012-2016 жылдар аралығында ҚР сыртқы істер министрі қызметінде болған. Ал 2016 жылдың 28 желтоқсанында Мемлекет басшысы Ерлан Ыдырысовты сыртқы істер министрі қызметінен босатқан болатын.