Жаңалықтар

Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеуге 17 млрд теңге қажет - Оңалбаев

ашық дереккөзі

Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеуге 17 млрд теңге қажет - Оңалбаев

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. Спикердің сөзінше, Алматы әкімдігінің ғимаратын қайта қалпына келтіру үшін арнайы жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. «Бірінші кезеңдегі жобалық-сметалық құжаттама үш павильонға арналған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны - шамамен 13 млрд теңге. Ең үлкен павильон төртіншісі болмақ. Соған сәйкес, екінші кезеңде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз. Қыркүйек айының соңында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Құны қорытынды шыққан соң анықталады, бірақ, алдын ала есеп бойынша, 4 млрд теңге шамасында. Яғни, ғимаратты жалпы қалпына келтіруге бізге 17 млрд теңге қажет», - деді басқарма өкілі. Сонымен қатар, ол ғимараттың қасбеті сақталатынын атап өтті. «Алматы әкімдігі ғимаратының қасбеті барынша сақталады, біз бұрынғы тарихи келбетін қайтарамыз. Эстетикалық көріністі сақтаймыз», — деді Ұлан Оңалбаев.