Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеуге 17 млрд теңге қажет - Оңалбаев

Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеуге 17 млрд теңге қажет - Оңалбаев

Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеуге 17 млрд теңге қажет - Оңалбаев
ашық дереккөзі
Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. Спикердің сөзінше, Алматы әкімдігінің ғимаратын қайта қалпына келтіру үшін арнайы жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
«Бірінші кезеңдегі жобалық-сметалық құжаттама үш павильонға арналған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны - шамамен 13 млрд теңге. Ең үлкен павильон төртіншісі болмақ. Соған сәйкес, екінші кезеңде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз. Қыркүйек айының соңында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Құны қорытынды шыққан соң анықталады, бірақ, алдын ала есеп бойынша, 4 млрд теңге шамасында. Яғни, ғимаратты жалпы қалпына келтіруге бізге 17 млрд теңге қажет», - деді басқарма өкілі.
Сонымен қатар, ол ғимараттың қасбеті сақталатынын атап өтті.
«Алматы әкімдігі ғимаратының қасбеті барынша сақталады, біз бұрынғы тарихи келбетін қайтарамыз. Эстетикалық көріністі сақтаймыз», — деді Ұлан Оңалбаев.