Жұма, 30 Қыркүйек, 2022

Құтлық қаған кешені – түріктің тасқа басылған алғашқы паспорты – Дархан Қыдырәлі

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолия жерінен табылған Құтлық қағанның кешені туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл – өте үлкен жаңалық. Білге қаған мен Күлтегіннің әкесі, екінші Түрік қағанатын қайта тірілткен Құтлық қағанның кешені табылды. Барша түркі әлемі үшін, сонымен қатар бүкіл көшпелі жұрт үшін керемет жаңалық. Мұндай қуанышқа біз жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жеттік. Бұл –  бауырлас мемлекеттердің және Моңғолияның жеке қолдауымен, өзара достықпен құралған сенімнің арқасы. Жұмыстар ары қарай жалғасады. Себебі біз бір ғана кешенді ашып отырмыз», – деді Қыдырәлі орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте.

Спикердің айтуынша, мұндай әлі 9 кешен бар.

«Біраз жылға жетер жұмыс күтіп тұр. Бұл үлкен кешенді түріктің тасқа басылған алғашқы паспорты деп айтуға болады. Өйткені «түрік» атауы бірінші рет Құтлық қаған жазбасында кездесіп отыр. Сондықтан бұл киіз туырлықты халықтардың ортақ паспорты десек болады», – деді Дархан Қыдырәлі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button