Майк Тайсон US Open турнирінде қазақстандық спортшыға жанкүйер болды
Бокс аңызы Майк Тайсон US Open турнирінде Юлия Путинцеваға жанкүйер болды деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл жаңалықпен спорт шолушысы Ерик Ильясов Facebook-тегі парақшасында бөлісті.
«Бірінші сурет кеше түнде Нью-Йоркта түсірілген. Майк Тайсон біздің Юлия Путинцеваның бұрыннан фанаты екенін білетін шығарсыздар. Юлия жаттығатын академияда оның қызы да ойнайды. Кеше #USOpen22-де Путинцеваға жанкүйер болып отырды. Қарсыласы Аманда Анисимова (АҚШ) болса да. Путя супер ойнады. Аманданы (негізі Юлиядан мықты) аямады, жылатып жіберді» деп жазды ол.