Қазығұрт ауданында 45 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды

Қазығұрт ауданында 45 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды

Қазығұрт ауданында 45 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 45 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Мемлекеттік Ту Шымкент-Ташкент күре жолының бойындағы «Мәңгілік ел» саябағында орналасқан. Жалпы құны 35 млн теңге болатын жоба аясында тутұғырдың жан-жағы абаттандырылып, орындықтар орнатылған. Салтанатты шарада сөз алған зиялы қауым өкілдері тудың көкке көтерілгені жастарға, болашақ ұрпаққа үлкен рух сыйлайтынын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Төбе басына орнатылған алып ту мен тутұғырдың берік құрылымы елдің күш қуаты мен даңқын, оның ұлы тарихы мен болашағын бейнелейтіндігін жеткізді.  width=  width=