Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында жеңіліп қалды

Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында жеңіліп қалды

Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында жеңіліп қалды
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 131-орында тұрған франциялық Клара Бюрельмен шеберлік байқасты. Қарсыластар осыған дейін кездеспеген. Бірінші кезеңде франциялық спортшы басым түсті - 6:4. Клара екінші сетте бірден 2:0 есебімен алға шықты. Кейін сол қарқынынан жаңылған жоқ - 6:4. Осылайша, Е.Рыбакина бәсекенің фавориті болғанына қарамастан, күтпеген жерден қарсыласына есе жіберді. Сағат жарымға созылған матчта Е.Рыбакина 4 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Франциялық спортшы 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнтты түгел өз есебіне жазды.