Атырау облысында 22 шетелдік ел аумағынан шығарылды

Атырау облысында 22 шетелдік ел аумағынан шығарылды

Атырау облысында 22 шетелдік ел аумағынан шығарылды
ашық дереккөзі
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22-28 тамыз аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл жедел іс-шараның мақсаты – еліміздің көші-қон заңнамасын бұзатын шетел азаматтарын анықтау. Іс-шара кезінде облыс аумағында 373 шетел азаматына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабымен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылды. Қазақстан Республикасының аумағынан Өзбекстан Республикасының 22 азаматы тысқары шығарылды», – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ өңірде өкілетті органдардың рұқсатынсыз шетел азаматтарының жұмыс күшін заңсыз пайдаланған азаматтар анықталып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 19 азаматына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 519-бабымен (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) әкімшілік хаттама толтырылды.