Майк Тайсонның арбаға таңылған суреті жарияланды
Майк Тайсонның арбаға таңылған суреті жарияланды
Бокстан әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон мүгедектер арбасында отырған суреті туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
vRINGe.com басылымы жазғандай, аты аңызға айналған "Темір" Майк Тайсон жақында жанкүйерлерін алаңдатып қойған. Олар 56 жастағы бокс иконасы мүгедектер арбасында отырғанын байқап қалған.
Дереккөздің айтуынша, кезінде белгілі боксшы "жарамдылық мерзімі" туралы ашық айтқан.
"Әрине, бәріміз бір күні өлеміз. Айнаға қарап, бетімдегі кішкентай дақтарды көргенде, өзіме айтатынмын: " Уау. Бұл менің жарамдылық мерзімім аяқталып барады дегенді білдіреді, бәрі жақын", - дейді Тайсон.
Жақында ол NewsMax TV-ге шығып, арбада отырғаны түсірілген кадрларды түсіндірді.
"Ишиас дендеп барады, мәселе сонда. Ол басталғанда, мен тіпті сөйлей алмаймын! Құдайға шүкір, бұл менің денсаулығымдағы жалғыз мәселе. Қазір мен кереметпін. Менің өмірімде бәрі тамаша және біз қолымыздағы барға өте ризамыз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Майк Тайсонның Майами әуежайында мүгедектер арбасында отырғаны түсірілген кадрлар жарияланған еді.