Жаңалықтар

«Канело» Головкинді қай раундта жеңгісі келетінін айтты

ашық дереккөзі

«Канело» Головкинді қай раундта жеңгісі келетінін айтты

Екінші орта санаттағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинді 17 қыркүйекте болатын трилогияның соңғы бөлігінде мерзімінен бұрын жеңуге бел буғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Канело» осылайша мамыр айындағы Дмитрий Биволдан жеңілісінің орнын толтырып,  өз дивизионындағы барлық негізгі атақты қорғауға ниетті деп жазды sports.kz. «Мен бұл жекпе-жекке дайынмын. Рингке шығуды асыға күтемін. Әрқашан корпуста жұмыс істеймін. Осы жолы барымды саламын. Басқа боксшылардың Головкинмен қалай жұдырықтасқанын көргім келмейді. Өйткені оның бәрі басқа дүние. Бізде әртүрлі стиль бар. Мен жай ғана сол жерде болып, өз тірлігімді жасаймын. Мен үшін бұл жекпе-жекті сенімді түрде жеңу өте маңызды. Жеңілістен кейін бұрынғы күшті қалпыма оралу керек. Мен 12-ші раундқа дейін жеңгім келеді. Бұл – менің мақсатым», - деді «Канелоның» Fight Hub TV-мен әңгімесінде.