Шетелге шыққандар нені білуі тиіс?

Шетелге шыққандар нені білуі тиіс?

Шетелге шыққандар нені білуі тиіс?
ашық дереккөзі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті шет мемлекетке демалысқа немесе жұмыс сапарымен баратындар үшін жаднама жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біріншіден, қазір респираторлы вирустық аурулар маусымы. Әсіресе, «ішек» тұмауы эпидемиясы өршіп тұрған Оңтүстік Корея мен Жапонияда аптасына 70 мың оқиға тіркеледі. Коронавирустар бойынша да эпидемиологиялық ахуал сақталуда. Коронавирус инфекцияларын жұқтыру оқиғалары Катарда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Сауд Арабиясы мен Оңтүстік Кореяда (ауруханаішілік жұқтыру оқиғалары) тіркелді. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, зертханалық түрде расталған індет жұқтырудың 652 оқиғасы өлімге әкеп соққан», - делінген хабарламада.
Тайланд, Сингапур, Вьетнам, Үндістан және Филиппинге сапар шегуді жоспарлағандар бұл елдерде Денге безгегі ушығып тұрғанын ескерген жөн. Бразилияда Зика безгегінің таралуы жалғасуда, 351 адам көз жұмды, АҚШ-та сырттан әкелінген 4 мың оқиға, Флорида штатында жергілікті пайда болған - 50 және Испанияда 190 факті анықталды. АҚШ-та эпидемиялық паротиттің өршуі (мысқыл, 5 мыңнан астам оқиға) тіркелді, бұл вакцинация жасатпаған азаматтар үшін қауіпті. Доминикана республикасы мен Гаитиден дифтерия табылып отыр. Шотландияда қызылша ауруы өршіп тұр, індетті Ресейде - 86, ал Тәжікстанда 16 адам жұқтырған. Қоғамдық тамақтану орындарына барғанда және азық-түлік сатып алуда сақтық танытқан жөн. Тіпті АҚШ пен Англия секілді дамыған елдерде қоғамдық тамақтану жерлерінде астан улану оқиғалары болып тұрады. Америкаға баратын туристерге сальмонелла табылған TreeHouse Foods Inc, Mac, Wal-Mart компанияларының азық-түлік өнімдерін (ірімшіктер, қытырлақ картоп, жүгері тортилиясы, құрғақ сүт пен іркіт ұнтағы) сатып алмауға кеңес береміз.