Рината Сұлтанова Азия кубогінде алтын медаль жеңіп алды
Тректегі веложарыстан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова Таиландта өткен Азия кубогінде алтын медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ол топтық жарыста ұпай саны бойынша үздік атанды.
Бұған дейін спортшы топтық іріктеу жарысында қола жүлде алған болатын.