Жаңалықтар

FlyArystan жолаушының мүгедектер арбасын багажға салуға рұқсат бермеген

ашық дереккөзі

FlyArystan жолаушының мүгедектер арбасын багажға салуға рұқсат бермеген

FlyArystan әуе компаниясының қызметкерлері мүгедектігі бар жолаушыға мүгедектер арбасын багажға салуға рұқсат бермеген. Бұл туралы жолаушы Нияз Сүндетәлиев Facebook-те жазды деп хабарлады turkystan.kz. «Мен – мүгедектер арбасын пайдаланушы, 29 тамызда Алматы әуежайында FlyArystan әуе компаниясының қызметкерлері менің мүгедектер арбамды бортқа алғысы келмеген жағдайға тап болдым. Жүкті тапсыру кезінде әуекомпания қызметкері шақырылды. Ол, өкінішке қарай, терминалдарды өз бетімше өшіріп, басқару тақталарын ажыратуым керек деген үкім шығарды. Бірақ саусағым жұмыс істемесе, мұны қалай жасай аламын» деп жазды ол. Нияз Сүндетәлиев әуе компаниясына мүгедектер арбасын пайдаланатынын, ұшу кезінде көмек қажет екенін бес күн бұрын хабарлаған. «Осының барлығын әуе компаниясы ескерді, алайда соңында Қарағандыға ұшып кеттім. Ал арбам Алматыда тіркеу үстелінде қалды. Қазір үйдемін, бірақ адамдармен кездесуге, өзім шығып таза ауа жұтуыма мүмкіндігім жоқ. FlyArystan компаниясының ешқандай қызметкері мен сал бола тұра, Қарағанды әуежайынан үйге қалай жеткенімді сұрамады», - деді жолаушы. Азаматтық авиация комитеті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. «Егер авиакомпания тарапынан заңбұзушылықтар анықталса, Комитет қолданыстағы заңнамада қарастырылған шараларды қабылдайды. Жұмыс нәтижесі бойынша жауап беріледі», - деді ведомстводан.