Жәнібек Әлімханұлы өзін жекпе-жекке шақырған боксшыға жауап берді

Жәнібек Әлімханұлы өзін жекпе-жекке шақырған боксшыға жауап берді

Жәнібек Әлімханұлы өзін жекпе-жекке шақырған боксшыға жауап берді
ашық дереккөзі
Орта салмақтағы бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанғанына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz  Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Фалькао Твиттерде Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды: «Енді сен нағыз чемпионсың, мен сенің белбеуіңді тартып ала аламын. Кеттік, чемпион» деп жазды бразилиялық боксшы Top Rank промоутерлік компаниясын белгілеп. 
«Егер менімен жекпе-жек өткізгің келсе, алдымен чемпион болуың керек, содан кейін сөйлесеміз. Мен атағы жоқ боксшыларға қызықпаймын. Мен сені құрметтеймін, бірақ сен бокс әлемінде аты жоқ адамсың. Чарломен, «Канеломен» жұдырықтасқым келеді!» – деп жауап берді оған Жәнібек.