Жазуына қарап адамның мінезін білуге бола ма?

Жазуына қарап адамның мінезін білуге бола ма?

Жазуына қарап адамның мінезін білуге бола ма?
ашық дереккөзі
Адамның көңіл-күйін, жасын және жынысын, мінезін, сондай-ақ ойлау ерекшеліктерін жазған жазуына қарап анықтауға болатынын білесіз бе? Психологтар адамның болмысын жазуына қарап білуге болады деген ұстанымда. Майда жазумен жазатындар – сабырлы, пихологиялық және эмоционалды тепе-теңдікті ұстанатын адам. Орташа жазумен жазатындар – мұндай адамдар өте сезімтал келеді. Бәрін жүрекке тым жақын қабылдайтын жандар. Үлкен жазумен жазатындар – жомарт, қолы да, көңілі де ашық тұлғалар. Әріптерінің ара-қашықтығы
  • әріптерді бір-бірінен алыс жазатын адамдар – қолда барын өзгеден аямайтын, ысырапшыл болады.
  • әріптерді бір-біріне тығыз жазатын адамдар – үнемшіл, сараң, тұйық болып келеді.
Қолтаңбаның қағаз бетінде орналасуы 
  • Әріптерді оң жаққа еңкейтіп жазатындардың мінездері тұрақты болып келеді.
  • Ал әріптерді сол жаққа еңкейтіп жазатындар қоғамдағы пікірлермен келісе бермейтін, жеке көзқарасы бар деп білуге болады.
  • Әріптер тік орналасса – ұстамдылық пен қайтпас қайсарлықтың белгісі.
Қолтаңбаның бағыты 
  • Жолдан жоғары шығарып жазатындар – оптимист жандар. Олар досқа адал, кез келген ортаға тез бейімделгіш келеді.
  • Жолдан төмен түсіріп жазатындар – пессимист адамдар.
  • Біркелкі жазатындар– тұрақты мінездың иелері.
Десе де бір адамның екі күнде жазған жазбасынан айырмашылық байқауға болады. Себебі бұл адамның көңіл-күйіне де байланысты дейді психологтар.