Жаздың соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы

Жаздың соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы

Жаздың соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМҚ 30 тамыз – 1 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек республиканың оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында, 1 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді», - делінген хабарламада.
Күндіз термометр бағаны еліміздің басым бөлігінде 25-35 градус, батыста және оңтүстікте 30-38 градусқа жетеді.