Азық-түлік бір жылда 18%-ға қымбаттады

Азық-түлік бір жылда 18%-ға қымбаттады

Азық-түлік бір жылда 18%-ға қымбаттады
ашық дереккөзі
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, оның ішінде 19 тауар бір аптада 0,2%-ға, ай басынан бері 0,4%-ға және бір жылда 18,1%-ға қымбаттады. Бұл туралы turkystan.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Елдің ірі қалаларының ішінде ең жоғары жылдық баға өсімі Ақтау (бір жылда 21,2%), Жезқазған (20,5%) және Орал (20,4%) қалаларында тіркелді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының ең аз, бірақ әлі де елеулі жыл сайынғы өсуі Қостанайда (15,8%-ға), Петропавлда (16,8%-ға) және Қарағандыда (17,8%-ға) тіркелді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арасында жылдық қарқында ең қымбаттағаны қант: бірден 92,7%-ға. Сондай-ақ пияздың (бір жылда 55,5%-ға), қарақұмықтың (26,5%-ға), тауық етінің (23,5%-ға) және келілеп сатылатын макарон өнімдерінің (23,2%-ға) бағасы қатты қымбаттаған. Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының ішінде сәбіз (19%-ға) және ақбас қырыққабат (6,7%-ға) арзандағаны тіркелді. Жалпы, осы жылдың шілде айында азық-түлік бағасы айына 1%-ға, жыл басынан бері 16,9%-ға және бір жылда 19,7%-ға өсті. Азық-түлік тауарларының шағын топтарына келер болсақ, шілде айының қорытындысы бойынша, бір айда нан өнімдері мен жарма бағасы қатты қымбаттаған: 2,9%-ға. Ет және ет өнімдері – 1,4%-ға, балық және теңіз өнімдері – 1,3%-ға, сүт өнімдері – 1,7%-ға, жұмыртқа – 2,4%-ға, майлар – 1,4%-ға, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер 4,3%-ға қымбаттады. Ал маусымдылығына байланысты жеміс-жидек пен көкөніс бағасы бір айда 4,3%-ға арзандаған.