Беларусь саяхатшысы теңізге түсу үшін Ақтауға жаяу келген
Беларусь саяхатшысы теңізге түсу үшін Ақтауға жаяу келген
Беларусь саяхатшысы теңізге түсу үшін Ақтауға жаяу шыққан. Жолда қаражаты таусылған оған маңғыстаулық полицейлер көмектесті деп хабарлады turkystan.kz рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мұнайлы ауданы полиция бөлімі ППР аға қызмет инспекторы Ж. Таджибаев әдеттегідей, өзіне белгіленген аумақта қызмет атқарып жүріп, түнгі мезгілде жол бойында отырған белгісіз ер адамды байқаған. Мән-жайды анықтау үшін полиция капитаны азаматтың жанына барып, қандай көмек қажет екенін сұрады. Белгілі болғандай, ер адам теңізге түсу үшін Беларусь елінен Ақтау қаласына қарай жаяу жол тартқан. Орта жолда қаражат мәселесі туындап, қиындыққа ұшыраған», - делінген хабарламада.Полицейлер туристі қонақүйге орналастырып, тамақтандырып, теңіз жағалауына жеткізіп тастаған. «Беларусь саяхатшысы полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты», - дейді полициядан.