Қысқа дайындық: жидекті мұздатқан дұрыс па, қайнатқан ба?

Қысқа дайындық: жидекті мұздатқан дұрыс па, қайнатқан ба?

Қысқа дайындық: жидекті мұздатқан дұрыс па, қайнатқан ба?
ашық дереккөзі
Диетолог, нутрициолог жидектерді құрамындағы пайдалы заттарды сақтап, денсаулыққа зиян тигізбейтіндей етіп қатыру үшін не істеу керегін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Қыста азық-түлік дайындаудың бірнеше жолы бар: мұздату, кептіру, ашыту, тұздау, қантпен ұнтақтау және термиялық өңдеу, деп атап өтті диетолог, нутрициолог Зоя Богданова Sputnik радиосына берген сұхбатында. Маманның айтуынша, жидектерді мұздатқан дұрыс.
«Мұздатқан кезде жидектер пайдалы қасиеттерінің 80 пайызын сақтайды. Витаминнің барлық құрамы, соның ішінде С дәрумені, барлық қоректік зат сақталады. Егер жидектерді ұнтақтайтын болсақ, оған көп – жидекпен бірдей мөлшерде қант қосу керек. Егер жидекті қайнататын болсақ, С дәрумені және көптеген пайдалы қоректік зат жойылады», – деді Зоя Богданова.
Диетолог жидектерді мұздатудың ең жақсы әдісін түсіндірді. Оның айтуынша, мұздату процесінде температура неғұрлым төмен болса, жидек соғұрлым жақсы сақталады. Сонымен қатар жуылмаған жидектерді мұздату қауіпті екенін ескертті.