Универсиадаға 30 күн қалды

Универсиадаға 30 күн қалды

Универсиадаға 30 күн қалды
ашық дереккөзі
2017 жылдың 28 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматы төрінде өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада ойындарының басталуына 30 күн қалды. Осыған орай Қазақпарат бұған дейін универсиада ойындары өткен елдер тізімін терген екен. Айтулы оқиғаның маңыздылығы мен мәнін насихаттау үшін қайталап басуды жөн көрдік.
Осыған дейін Қысқы универсиада ойындары қай жылы, қай елде өткенін назарларыңызға ұсынамыз:
1960 жыл: I Ойындар - Шамони (Франция)
1962 жыл: II Ойындар - Вилларс (Швейцария)
1964 жыл: III Ойындар - Шпиндлеров Млин (Чехословакия)
1966 жыл: IV Ойындар - Сестриере (Италия) 1968 жыл: V Ойындар - Инсбрук (Аустрия)
1970 жыл: VI Ойындар - Рованиеми (Финляндия)
1972 жыл: VII Ойындар - Лэйк-Плэсид (АҚШ)
1975 жыл: VIII Ойындар - Ливиньо (Италия)
1978 жыл: IX Ойындар - Шпиндлеров Млин (Чехословакия)
1981 жыл: X Ойындар - Хака (Испания) 1983 жыл: XI Ойындар - София (Болгария)
1985 жыл: XII Ойындар - Белунно (Италия)
1987 жыл: XIII Ойындар - Штрбске Плесо (Чехословакия)
1989 жыл: XIV Ойындар - София (Болгария) 1991 жыл: XV Ойындар - Сапорро (Жапония)
1993 жыл: XVI Ойындар - Закопане (Польша)
1995 жыл: XVII Ойындар - Хака (Испания)
1997 жыл: XVIII Ойындар - Муджу (Корея Республикасы)
1999 жыл: XIX Ойындар - Попрад (Словакия)
2001 жыл: XX Ойындар - Закопане (Польша)
2003 жыл: XXI Ойындар -Тарвизио (Италия)
2005 жыл: XXII Ойындар - Инсбрук Зеефельд (Аустрия)
2007 жыл: XXIII Ойындар - Турин (Италия)
2009 жыл: XXIV Ойындар - Харбин (Қытай)
2011 жыл: XXV Ойындар - Эрзурум, (Түркия)
2013 жыл: XXVI Ойындар - Трентино (Италия)
2015 жыл: XXVII Ойындар - Гранада (Испания)
Ал келесі XXVIII Универсиада ойындары қазақ елінің Алматы қаласында 2017 жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Естеріңізге сала кетейік, Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамлиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер де атсалысады. Студенттер арасындағы спорт ойындарына 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 млрд. адам теледидар арқылы тамашаламақ.