Әртістік жүзуден ӘЧ: қазақстандық екінші қола жүлдесіне ие болды

Әртістік жүзуден ӘЧ: қазақстандық екінші қола жүлдесіне ие болды

Әртістік жүзуден ӘЧ: қазақстандық екінші қола жүлдесіне ие болды
ашық дереккөзі
Канаданың Квебек қаласында әртістік жүзуден жастар арасында XVII әлем чемпионаты өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. Бүгін жекелей сында өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Эдуард Ким еркін бағдарламада қола жүлдегер атанды. Бұл - қазақстандықтың әлем чемпионатындағы екінші медалі. Эдуард екі күн бұрын техникалық сында испан және жапон атлетіне есе жіберіп, үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, қазақстандықтар жастар арасындағы әлем чемпионатында бұған дейін екі медаль жеңіп алмаған. Бұдан бөлек, Квебекте топтық сында тағы 6 қазақстандық бақ сынайды. Олар: Арина Мясникова, Анна Павлецова, Артур Майданов, Дарина Валиуллина, Карина Сагутдинова, Арина Пушкина.