Бүгін «ПРЕЗИДЕНТ» бағдарламасы алғаш рет эфирге шығады

Бүгін «ПРЕЗИДЕНТ» бағдарламасы алғаш рет эфирге шығады

Бүгін «ПРЕЗИДЕНТ» бағдарламасы алғаш рет эфирге шығады
ашық дереккөзі
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін кешкі сағат 20:30-да «Хабар 24» телеарнасында «ПРЕЗИДЕНТ» арнайы телебағдарламасы алғаш рет эфирге шығады. Мемлекет басшысының апталық жұмысына шолу жасалатын бұл бағдарламада қызықты деректер, ауқымды сараптама, эксклюзив материалдар көрермен назарына ұсынылады» деп жазды Руслан Желдібай.
Сондай-ақ «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма басшысы Берік Уәли бұл бағдарламадан күнделікті жаңалықтарда көрсетіле бермейтін эксклюзивті кадрларды көруге болатынын айтты.
«Оны алғашқы шығарылымнан-ақ аңғарасыздар. Алғашқы шығарылым Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапары жайында болмақ. Баку сапары туралы айтатын тың ақпарат мол. Бағдарламаны «Хабар 24» арнасының арнайы тілшісі Әділ Балтабаев жүргізеді. Әділ көзбен көргенін, ойға түйгенін електен өткізіп, ең «дәмдісін» көрерменге ұсынады», – деді Берік Уәли.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Берік Уәли (@berikuali)