Жаңалықтар

Қазақстан Халықаралық армия ойындарында 3-орын алды

ашық дереккөзі

Қазақстан Халықаралық армия ойындарында 3-орын алды

Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында Халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылуы өтті. Сайыс нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Шараға Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен қазақстандық делегация қатысты. Әскери теңізшілер лайықты сайыс түрін көрсетіп, Әзербайжандағы «Теңіз кубогының» күміс жүлдесін алды. ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық әскери қызметшілер жеті байқауда бағын сынады, олардың үшеуі ел аумағында өткізілді.