Жаңалықтар

Саумалкөл көліне қонған 5 мыңға жуық қоқиқаздың видеосы тарады

ашық дереккөзі

Саумалкөл көліне қонған 5 мыңға жуық қоқиқаздың видеосы тарады

Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қызметкерлері Қорғалжың қорығында 5 мыңға  жуық қоқиқазды видеоға түсіріп алды деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қызметкерлері Қорғалжың қорығының Саумалкөл көлінен шамамен 5 мың қоқиқазды байқады. Видеодан қоқиқазбен қатар, Қазақстанның қызыл кітабына енген сұңқылдақ аққу мен ақбас үйректі де байқауға болады. Сонымен қатар жағалаудан объективке ілінбей қалған шамамен 500 ақбас тырна көзге түсті», - делінген қауымдастықтың Instagram-парақшасында жарияланған видео сипаттамасында.