Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

28 тамыз, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады 30 тамыз – Конституция күніне орай Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде азаматтар, көлік құралдары мен жүк өткізілмейді деп хабарлады turkystan.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. Қазақстан-Қытай шекарасындағы темір жол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
«Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің бәрінен енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – деп ескертеді комитеттен.