Жаңалықтар

Сарапшылар «AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасына ұсыныстар енгізді

ашық дереккөзі

Сарапшылар «AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасына ұсыныстар енгізді

Алматыда «AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы жобасының сараптамалық талқылауы өтті. Кездесуге партия Хатшысы Дәулет Кәрібек, Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшесі, тұғырнаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Айдос Сарым, тәуелсіз сарапшылар, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Айдос Сарым бұл бағыттағы жұмыс бірнеше айдан бері жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Өңірлік филиалдардың күн тәртібінде белсенді талқыланады. «Жұмыс тобының міндеті – барлық талқылауларды, пікірталастарды, ұсыныстарды, соның ішінде өзге сарапшылардың, қатардағы партиялықтардың пікірін ескере отырып, өзектілігін жоймайтын, ұзақ мерзімді құжат әзірлеу. «AMANAT»-тың жаңа Саяси тұғырнамасы оның негізгі құндылықтарын, қағидаттарын, партия мүшелері «AMANAT» пен жалпы мемлекетті қалай көретіндігін айқындауы тиіс», – деді депутат.