Семейде табиғи саябақтар салынады

Семейде табиғи саябақтар салынады

Семейде табиғи саябақтар салынады
ашық дереккөзі
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «QazaqGeography» РҚБ басқарма төрағасы Орман Нұрбаевпен Ертіс өзенінің ортасындағы «Бейбітшілік» аралына табиғи саябақ салу жоспарын талқылады деп хабарлады turkystan.kz. Жобаның негізгі мақсаты – экотуризмді жақсарту. Бейбітшілік аралына табиғи саябақ салу арқылы түрлі өсімдіктер отырғызылып, сирек кездесетін құстардың алуан түрін өсіру жоспарланған.
«Ландшафты дизайн арқылы қаламызды көркейту - құптарлық іс. Біз экоурбанизмді дамыту үшін ынтымақтасуға дайынбыз. Табиғи саябақты салуға арнайы орындар жеткілікті»,- деді  Нұрлан Ұранхаев.
Табиғи саябақта география, мәдениет, өлкетану, экологиялық туризмге арналған орындар бой көтереді. Сондай-ақ қарияларға арналған арнайы аумақ пен құстарды тамашалауға арналған бұрыштар да салынады.