Түркістан облысында Өзбекстаннан Қырғыз еліне бара жатқан автобус апатқа ұшырады

Түркістан облысында Өзбекстаннан Қырғыз еліне бара жатқан автобус апатқа ұшырады

Түркістан облысында Өзбекстаннан Қырғыз еліне бара жатқан автобус апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
27 тамыз күні таңғы 07:18 шамасында Түркістан облысы Түлкібас аудандық полицияның кезекші бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлады turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға орнына жеткен полицейлер Шақпақ ауылының маңында 601 шақырым жердегі жол қиылысында автобус жүргізушісінің қалғып кетуі салдарынан рөлге ие бола алмай, жол шетіндегі ойпаң жерге түсіп кеткенін анықтады. Тексеру барысында автобустың Өзбекстаннан Қырғызстанға жол жүріп бара жатқаны және ішінде шетел азаматтары бар екені белгілі болды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жарақат алған шамамен 12 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚК-тің 345-бабы 2-бөлігімен тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалды.  width=