«ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» бірыңғай жол компаниясына біріктірілді

«ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» бірыңғай жол компаниясына біріктірілді

«ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» бірыңғай жол компаниясына біріктірілді
ашық дереккөзі
Биыл шілде айында Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодорды» біріктіріп, біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырған болатын. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ИИДМ аталған 2 жол операторын біріктіру бойынша Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Министрліктің хабарлауынша, жобада «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы «Казахавтодор» ЖШС-ндегі мемлекеттік үлесті сатып алу жолымен ұлттық компанияны Бірыңғай автожол операторы ретінде қайта құру қарастырылды. Атап айтқанда, аталған компаниялардың облыстық филиалдарының әкімшілік-басқару персоналын қысқарту жолымен біріктіру және қайталанатын функцияларды қысқарту.
«Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Осылайша, қазіргі таңда «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодор» бірыңғай жол компаниясына біріктірілді. Қолға алынған шаралар республикалық маңызы бар жолдарды тәулік бойы күтіп ұстауды қамтамасыз етуде жедел әрі нақты шешім қабылдауға үлкен септігін тигізбек.