Мәскеудегі АҚШ елшілігінің удай мас қызметкері видеоға түсіп қалды

Мәскеудегі АҚШ елшілігінің удай мас қызметкері видеоға түсіп қалды

Мәскеудегі АҚШ елшілігінің удай мас қызметкері видеоға түсіп қалды
ашық дереккөзі
Ресей астанасындағы Америка елшілігі қызметкерінің жұмыс кеңсесіне удай мас күйінде жеткен сәті көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz. Елшілік қызметкерінің жүріс-тұрысы түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды. Видео шілде айының соңында түсірілген. Ресейлік БАҚ бейнежазбадағы азамат былтырдан бері АҚШ елшілігінде күзетші болып жұмыс істейтін теңіз жаяу әскері Наварро Николас Сторми екенін жазып жатыр. Ол жұмыс орнына келе жатқан жолда лайға аунап, тротуарға сүрініп әрең жеткен. Видеодан көлік жүретін жолға шығып кете жаздағанын да көруге болады. Сондай-ақ  Наварро Николас Сторми жолда бірнеше полиция қызметкерін кездестірген. Taunewskz сайтының жазуынша, әзірге Америка елшілігі бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасамаған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от НОВОСТИ СТРАНЫ И МИРА (@taunewskz)