Жаңалықтар

Әзербайжан Лашын қаласын қайтарып алды

ашық дереккөзі

Әзербайжан Лашын қаласын қайтарып алды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ел әскерінің Лашын қаласына орналастырылғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгін, 26 тамызда біз, әзербайжандықтар, Лачин қаласына оралдық. Әзербайжан әскері Лачин қаласында орналасқан. Забух және Сус ауылдары бақылауға алынды. Мен Лачиннің барлық тұрғындарын және әзербайжан халқын осы оқиғамен құттықтаймын. Лашын аман болсын! Жасасын Әзербайжан!» деп жазды Ильхам Әлиев Twitter-де.

Анадолы агенттігінің жазуынша, Әзербайжан әскері 5 қаланы, 4 елді мекенді, 286 ауылды, көптеген стратегиялық нысандарды армян басқыншыларынан азат еткен.