Елорда көшелерінде ерекше муралдар пайда болды (ФОТО)

Елорда көшелерінде ерекше муралдар пайда болды (ФОТО)

Елорда көшелерінде ерекше муралдар пайда болды (ФОТО)
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының әртүрлі аудандарында қазақ қайраткерлеріне арналған жаңа муралдар ашылды деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Мәселен, қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының көшбасшысы, ғалым және публицист Әлихан Бөкейханұлының бейнесі Тәуелсіздік даңғылында, дәлірек айтсақ, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 38 үйдің қабырғасында бейнеленді. шұ Желтоқсан көшесі, 27 мекенжайындағы үйдің қабырғасына Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлігімен, батырлығымен, мергендігімен есте қалған Әлия Молдағұлованың құрметіне мурал пайда болды. г Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай М.Жұмабаев көшесіндегі үйдің қасбетіне әншіге арналған мурал салынды. щ Ж.Жирентаев көшесі, 2 мекенжайындағы үйдің қасбетіне белгілі композитор, Әнұран авторы Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне мурал салынды. н Қараменде би Шақаұлы көшесі, 1 мекенжайындағы үйдің қасбетіне халық әртісі, аты аңызға айналған опера әншісі Ермек Серкебаевтың бейнесі бейнеленген. ш Сондай-ақ Бейбітшілік көшесі, 62 – «Күн сөнбесін», Бараев көшесі, 17 – «Жеті қазына», Бейбітшілік көшесі, 52 – «Сырмақ», Мәмбетов көшесі, 30 – «Қала тұрғындары», Сарыарқа даңғылы, 42 – «Бүгін анаңа хабарластың ба?», Ғ. Мүсірепов көшесі, 7 – «Pease» және басқа да көшелерде жаңа суреттер пайда болды. щ ү н «Біз қаламызда көше өнерін әртараптандыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Муралдар қаланы жанды, қызықты және көңілді етеді. Мурал – ашық аспан астындағы галерея. Бұл өте маңызды. Негізінен, өнерде және шығармашылықта өз ізін қалдырған батылдық пен ерлік көрсеткен танымал қайраткерлерімізге арнаймыз. Өскелең ұрпақ, жастар батырларымызды білуі және құрметтеуі керек. Сондай-ақ, жоспарымызда ғылымға өлшеусіз үлес қосқан Салық Зимановтың, ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың, геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың, жазушы Әбіш Кекілбаевтың, әнші әрі композитор Батырхан Шүкеновтің, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің және т.б. құрметіне мұралды тұрғызу жоспарда бар», - деді елорда әкімдігі урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.