Шымкенттегі медициналық мекемелер заңдағы талаптарды орындамай отыр

Шымкенттегі медициналық мекемелер заңдағы талаптарды орындамай отыр

Шымкенттегі медициналық мекемелер заңдағы талаптарды орындамай отыр
ашық дереккөзі
Шымкент қаласының бірқатар медициналық мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді деп хабарлады turkystan.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. Тексеру кезінде қаладағы барлық медициналық мекемелерде Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының (Заң) талаптарын орындамау фактілері анықталды, тек кейбіреулерінде ескіру мерзімі аяқталуына байланысты әкімшілік шаралар қабылданбаған. Атап айтқанда, медициналық мекемелерде белгіленген тәртіппен салыстырып тексеруден өтпеген науқас мониторы, өкпені жасанды желдету аппараты, «Аудио-СМАРТ» аудиологиялық скринингке арналған жүйе және ультрадыбыстық диагностика аппараты, т.с.с. бірнеше медициналық өлшеу құралдары пайдаланылған. Ал мерзімінде салыстырып тексеруден өткізілмеген өлшеу құралы адам өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етіп, қауіп төндіруі ғажап емес. Шымкент қаласы прокуратурасының ұсынымы негізінде, Департамент қызметкерлері мен 11 медициналық мекеменің жауапты лауазымды тұлғалары Заңның 19-бабы талаптарын сақтамағаны үшін, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 419-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 3 874 695 теңге көлемінде айыппұл салынды.