Дәрігерлер дәретханадан табылған сәбидің жағдайы қалай екенін айтты
Дәрігерлер дәретханадан табылған сәбидің жағдайы қалай екенін айтты
Дәрігерлер дәретханадан табылған сәби мен анасының жағдайы қалай екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
17 жастағы жасөспірім – cәбидің анасы 25 тамызға қараған түні №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Оған «түсік тастау» диагнозы қойылды.
«Науқас гинекология бөліміне жатқызылды. Қазір оның жағдайы орташа ауыр. Тұрақты. Гемодинамикасы тұрақты. Толық ем мен тексерістен өтеді», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы өкілі.
Ал сәби жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер сәбидің ағзасы салқындағанына байланысты жағдайы өте ауыр екенін айтады.
«Құрысу, құсу және температура болмады. Сәбиге 30 миллилитр көлемінде балаларға арналған тамақ беріп жатырмыз, оның 20 миллилитрін өздігінен қабылдайды, ал қалғанын назогастраль түтік арқылы береміз. Ол жансақтау бөлімшесінде ем алады», - деді бас дәрігер орынбасарының міндетін атқарушы Тоқтар Құрметбек.
Бұған дейін 17 жастағы қыздың босанып, сәбиін дәретханаға тастағанын жазған болатынбыз.