Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған шетел азаматы ұсталды

Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған шетел азаматы ұсталды

Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған шетел азаматы ұсталды
ашық дереккөзі
24 тамыз күні кешке ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің шекарашылары Кеген ауданындағы Іле-Алатауы жотасының таулы шатқалдарының бірінен Мемлекеттік шекараны бұзып өткен шетел азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Шекара нарядының «тоқта» және «құжатыңды көрсет» деген талабын естіген шекара бұзушы аңшы қаруынан әскери қызметшілерге қарай оқ атып, қарсылық көрсетті және ізін суытуға тырысқан. Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына зиян келген жоқ. Олар шекараның таулы учаскесін күзету бойынша қызметтерін жалғастырып жатыр», – делінген шекара қызметінің мәліметінде.
Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған азаматты ұстау кезінде батылдық танытқан әскери қызметшілерді көтермелеу мәселесі қаралуда.