Алты тіл меңгерген қазақ баласы ерекше кәсіп ашты

Алты тіл меңгерген қазақ баласы ерекше кәсіп ашты

Алты тіл меңгерген қазақ баласы ерекше кәсіп ашты
ашық дереккөзі
Сәулет Бақыткелді – кәсіпкер. Алты тілді меңгерген білімді жас бүгінде ерекше кәсіп ашқан. Басты мақсаты – жасаған кішкентай дүниелері арқылы адамдарға қуаныш сыйлап, білім іздеген жандарға шабыт беру. Ол жасаған дүниелер ұлттық бояуымен, заманауи стилімен ерекшеленеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де білім алған Сәулет бакалаврдың соңғы жылында арнайы бағдарламамен Жапонияға барады. Оның қиялына қанат бітірген де осы сапар еді. Токио шет тілдері университетінде оқып жүріп, «Біз неге ұлттық стилімізді сақтай отырып, өз елімізден  аксесуарлар, кеңсе тауарларын шығармаймыз?» деп ойлайды. Иә, расымен де біздегі мұндай дүниелер көбіне Қытайдан, Ресейден әкелінетін. Қойын кітапшалардың сыртынан шетел жұлдыздарының суретін көргенге көз үйренген.  width=
 «19 млн халқы бар, тәуелсіз елдің азаматы бола тұрып, неге осындай дүние жасамаймын? Қолымыздан келеді ғой. Оның үстіне  тарихымызда кейінгі ұрпаққа үлгі болатын тұлға жетерлік» деген ой келді. Сосын «Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмін көрдім. Алаш көсемінің «Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Ал күшті болуға бірлік керек» деген сөзі бар емес пе?! Бұл фильм шабытыма шабыт қосты», – дейді Сәулет.
 width= Осылайша, тәуекелге барып, кәсіп ашты. Бүгінде оның жасаған заттары интеллектуалды, әдеби ортада үлкен сұранысқа ие. Тіпті, жас кәсіпкердің идеясын қолдап, инвестиция құйып жатқан адамдар бар. Сәулеттің ендігі арманы – ұлттық негізде жасалған заманауи дүниелер дүкенін еліміздің әр қаласынан ашып, кәсібін кеңейту. Әрине, ол үшін біраз еңбектену керек. Сол үшін білімін жетілдіріп, шетелдік компаниялармен жұмыс істеп жатыр.  width=
«Жақсы идея алатын мемлекеттер бар. Шетелде жүріп, көп нәрсе үйрендім. Мәселен, адамға, өмір сүріп жатқан ортаға деген құрмет. Маған қатты әсер еткені де осы. Халықтың бір-біріне сенімі, адалдығы басты орында. Қандай іс жасаса да, өздерінің төл мәдениетіне икемдейді. Әлемдегі ең көп старбакс жүйесі Жапонияда бар. Олар ұлттық ерекшеліктерін дәріптей отырып, заманауи үлгідегі заттарын көпшілікке ұсынып отыр. Сосын уақытты бағалайды. Кешікпейді. Өзінің де, өзгенің де уақытын бағалайды», – дейді кейіпкеріміз.
 width= Сәулет қазір алты тілде еркін сөйлейді: қазақ, қытай, жапон, ағылшын, орыс, түрік тілі. Білімді жасқа бірнеше тілді меңгеру қиын болмаған. «Қытайда туып-өскен соң, жапон тілін оңай үйрендім» дейді ол. Біреулерге тіл үйрену хобби болса, Сәулет үшін бұл – қажеттілік.  width=
«2014 жылы Қазақстанға келдім. Көп адам «Осынша тілді қалай үйрендіңіз? деп сұрайды. Өзімнің тіл үйрену әдістерім бар. Жалпы, медианың тілін көбірек меңгерген адам шет тілін тез үйренеді. Үш мемлекетте өмір сүргеннен кейін олардың тілін білу керек болды. Бірнеше компаниямен жұмыс істейміз. Мысалы, Жапонияда жапон тілін білмесеңіз, олармен коммуникацияға бара алмайсыз», – дейді Сәулет.
   width= Жас кәсіпкер жақында тағы шетелге барайын деп отыр. Сол жақта 2-3 жыл бойы жинаған тәжірибесін елімізге алып келмекші. Ел ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білгір жастардың қолында емес пе?! Сондықтан мұратына жетуге талпынған жас кәсіпкерге оң сапар тіледік.