Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жүлдегері атанған оқушыларды марапаттады

ашық дереккөзі

Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жүлдегері атанған оқушыларды марапаттады

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жүлдегері атанған оқушыларды марапаттады деп хабарлады turkystan.kz. Биыл дарынды балалар 27 медаль жеңіп алып, өткен жылдардағы рекордты жаңартты. «Биыл құттықтаудың өзі де балалар, олардың ата-аналары және мұғалімдер үшін ерекше қуанышты болды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауының арқасында 27 жеңімпазға 4,7 млн теңгеге дейінгі сертификаттар табыстадық. Бұл Президенттің дарынды балаларды ынталандыру жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмасынан кейін мүмкін болды. Сондай-ақ оқушылар ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық ЖОО-да оқуға гранттар алды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады» деп жазды министр. Айтуынша, биыл тізімге 7 халықаралық олимпиада кірсе, келесі жылы ол тағы 7 беделді халықаралық олимпиадамен толығады. Сондай-ақ жүлделі орын алған оқушыларды дайындаған ұстаздар да біржолғы ақшалай төлем алады.