Астанада ақылы көлік тұрағы енгізіледі

Астанада ақылы көлік тұрағы енгізіледі

Астанада ақылы көлік тұрағы енгізіледі
ашық дереккөзі
Астанада 2017 жылдан бастап ақылы көлік тұрағы енгізіледі. Тұраққа көлік қою құны 100 теңге болып белгіленбек. Бұл туралы adilet.zan.kz сайтында жарияланған «Астанада көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда тарифті белгілеу туралы» қаулысында жазылған. «Астананың көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда 1 сағат орынтұраққа қойғаны үшін тариф 100 теңге көлемінде белгіленсін» делінген Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 108-2602 қаулысында.