Жаңалықтар

Ақмола облысында Мәшһүр Жүсіп мешітінің ашылуы өтті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Ақмола облысында Мәшһүр Жүсіп мешітінің ашылуы өтті (ВИДЕО)

Бүгін Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылсуат ауылында Мәшһүр Жүсіп мешітінің ашылу рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. «Қызылсуат ауылына айрықша көрік беріп тұрған жаңа мешітіміздің ашылу жиынына қош келдіңіздер! Құтханамыз құтты болсын! Мешіт – Алланың жердегі үйі. Адамзат баласының рухани тұрғыдан дамуы мен пенденің тұлабойына адамгершілік құндылықтарды ұялатуда мешіттің орны қашан да маңызды. Қазақ топырағында бой көтерген мешіттердің тәлім мен тағылымның, білім мен ғылымның рухани ордасына айналғаны осының айғағы. Бұл өмірге келген әрбір пенде өшпес мұра қалдырып кетсем деп армандайды. Сол өшпес мұраның бірі жайлы Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Осы құлшылық ордасының құрылысын қолға алған дініміздің жанашыр азаматтарына, Алла үйінің бой көтеруіне тілеулестік білдірген жамағатқа Алла разы болсын!» - деп атап өтті Бас мүфти. Салтанатты ашылу рәсіміне Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының тұңғыш ұлы Мұхаммед Шарапиден тараған ұрпағы, яғни шөбересі Абай Шарапиев те қатысты. Ақсақал осы істің басы-қасында болған ел азаматтарына алғысын білдірді. [caption id="attachment_193990" align="alignnone" width="608"] Оң жақта Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі Абай Шарапиев[/caption] Бас мүфти жаңа мешітте жұма уағызын айтып, еліміздің игілігі мен халқымыздың берекесін тілеп, дұға жасады. Мешіттің жалпы аумағы 0,4 гектар. Бір уақытта 300 адам Аллаға құлшылық етіп намаз оқи алады.