Жаңалықтар

Елбасы кітапханасында «Ата заң – мемлекеттіліктің арқауы» көрмесі ашылды

ашық дереккөзі

Елбасы кітапханасында «Ата заң – мемлекеттіліктің арқауы» көрмесі ашылды

25 тамыз күні Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заң – мемлекеттіліктің арқауы» атты көрменің ашылуы өтті. Іс-шараға Орталық сайлау комиссиясының өкілдері, шетел елшілері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сарапшылар қатысты. «1995 жылғы Конституция жас Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізін қалап, оның алдағы маңызды жетістіктерін алдын ала белгіледі. Өз кезегінде, жүргізіліп жатқан конституциялық реформа Жаңа Қазақстанның табысты құрылысы үшін жағдай жасауға арналған», - деді кітапхана директоры Бақытжан Темірболат. «Бүгінгі көрменің баршамызға, әсіресе өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні зор. Ол Қазақстан Конституциясының құрылуы мен дамуы призмасы арқылы мемлекеттігіміздің 30 жылдан астам тарихын көрсетеді», - деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бас кеңесші Жексембекова Венера.