«Канело» - Головкин жекпе-жегінің қазылар алқасы бекітілді

«Канело» - Головкин жекпе-жегінің қазылар алқасы бекітілді

«Канело» - Головкин жекпе-жегінің қазылар алқасы бекітілді
ашық дереккөзі
Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегінің қазылар алқасы бекітілді деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап. Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді. Рингте төреші Рассел Мора болады. Ал қазылар алқасы келесідей: Дэйв Моретти (Невада), Стив Вайсфельд (Нью-Джерси) және Дэвид Сазерлэнд (Оклахома). Айта кетейік, Моретти Головкин мен Альварестің алдыңғы екі айқасында қазылық еткен. Біріншісінде ол 115-113 есебін қазақстандық жеңген деген шешім шығарған, ал қарымтада осындай есепті мексикалықтың пайдасына жазды. Вайсфельд те Головкин мен «Канелоның» екінші айқасында қазылық еткен. Жеңісті ол мексикалыққа берген болатын - 115-113.