Жетісайдағы өртке оранған базардың қазіргі көрінісі (ФОТО)
Жетісайдағы өртке оранған базардың қазіргі көрінісі (ФОТО)
Түркістан облысы Жетісай қаласындағы базарда түнгі 3:00 шамасында өрт болғаны туралы ақпаратты Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан болатын.
Turkystan сайтының редакциясына жергілікті тұрғындардың бірінен өрт болған жерден суреттер келіп түсті.
Өрт базар аумағындағы ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бірқабатты ғимаратта және 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақта болған.
Базарда қаншама сатушы және тұрғын күнделікті өмірдің қамын жасап, жоғын түгендеп отырған еді.