Жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы ұсталды

ашық дереккөзі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы ұсталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев ұсталды деп хабарлайды Қазақпарат ҚР ҰҚК баспасөз-қызметіне сілтеме жасап. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардың бірқаттар қызметтік тұлғаларына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр. «Жедел-тергеу шаралары барысында ҚР ҚК 185-бабының 3-тармағы «Мемлекеттік құпияны жария ету» және 362-бабының 3-тармағы «Билік пен қызметтік бабын асыру» бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, осы аталған тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде ҰҚК уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды. Күдіктілер мен олардың туыстарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тінту жұмыстары жүргізілді, заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр, оның барысы мен қорытындысы қосымша хабарланады екен. Айта кетейік, Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметін атқарған болатын.