Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

ашық дереккөзі

Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрлер жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін, екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады. Сондай-ақ, мемлекет басшыларының жақында Сочи қаласында өткен кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мәселелері қарастырылды.