Елімізде 1200 шақырымдық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

Елімізде 1200 шақырымдық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

Елімізде 1200 шақырымдық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді
ашық дереккөзі
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Құрметті достар! Елімізде тұңғыш рет қашықтығы 1200 шақырымнан асатын «Ұлы дала жорығы» атты 12 күндік аламан жарыс, марафон-бәйге жобасын қолға алдық. Дода шарттарын бейне үндеуімізден немесе qazanat.com сайты арқылы біле аласыздар. Бұл бәйге болашақта өзіміздің ат үстіндегі дәстүрлі «Париж Дакарымыз немесе Тур де Франсымыз» болады деп үміттенемін. Жігіттеріміз жігерін сынайтын, қазанаттарымыз қажыр-күшін көрсететін марафон-бәйгеге барлығыңызды жанкүйер болуға шақырамын!» - деді министр.
Марафон-бәйге еліміздің 6 аймағын қамтитын болады. Ал қатысушылар 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласынан аттанып, 29 қыркүйекте Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласына ат басын тіреуі тиіс.

Жүлде қоры:

  • 1 орын – 30 000 000 теңге мен Кубок
  • 2 орын – 20 000 000 теңге мен Кубок
  • 3 орын – 15 000 000 теңге мен Кубок
Мәреге жеткен марафонның барлық қатысушылары естелік медальдармен марапатталатын болады. Жүлде қоры команда Түркістан қаласындағы мәреге толық құраммен (5 адам) жеткен жағдайда ғана толықтай төленеді. Толығырақ марафон-бәйгесінің Ережесінде.