Арман Дәулетияров анасы қайтыс болған соң, үйін мешітке берді
Арман Дәулетияров анасы қайтыс болған соң, үйін мешітке берді
«Муз-ТВ» арнасының бұрынғы бас директоры Арман Дәулетияров өзі туып-өскен әкесінің үйін мешіт ретінде пайдалануға беретінін айтты.
«Бұл біздің әулетіміздің үйі деп айтуға болады. Осы аулада туып-өстім. Ескі үйімізді бұзып, анама үлкен үй салып берген едім. Ішінде барлық жағдай жасалған, моншасы, жазғы асханасы бар, ауласы кең. Мұнда ол өзінің соңғы жылдарын өткізді» деп жазды продюсер.
Арман Дәулетияров бұл үй Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының облыстағы өкілдігіне берілгенін айтты.
«Енді бұл Айман Дәулетиярова атындағы мешіт болады. Кез келген адам намаз оқи алады, сонымен қатар балалар Құран мен ислам негіздерін үйренеді. Біздің ауылда да, оның маңайында да мешіт жоқ. Сондықтан бұл мешіттің халыққа пайдасы зор. Анамның көзі тірісінде онымен келісіп алдым, ол қатты қуанды. «Біз бақытты күндерімізді өткізген үй мен кетсен соң халықтың игілігіне берілсе, жақсы ғой» деп қуаныштан көзіне жас алды. Анамның қазасынан бір жыл өткен соң (Анамның қалауы бойынша) мұнара тұрғызамын, мешіттің есігі барлығына ашық болады. Мен отбасыммен осы мешітке жиі келетін боламын. Сондықтан жақын жерде болсаңыз, міндетті түрде тоқтаңыз. Орынбор облысы Соль-Илецк ауданы Тамаруткул ауылы», деп жазды продюсер.