Жаңалықтар

Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды

ашық дереккөзі

Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов 19 қарашада UFC-дегі келесі жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстандық файтердің бұл жолғы қарсыласы - 31 жастағы америкалық Чарльз Джонсон. Бұл Жұмағұлов үшін UFC-дегі алтыншы кездесу болмақ. Айта кетейік, 33 жастағы қазақстандық спортшы промоушнде 5 жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы биыл UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде төрешілердің шешімімен ұтылған болатын.