iPhone-нан опық жеген ақтөбелік қыздың жағдайы Apple өкілдерінің құлағына жетті

iPhone-нан опық жеген ақтөбелік қыздың жағдайы Apple өкілдерінің құлағына жетті

iPhone-нан опық жеген ақтөбелік қыздың жағдайы Apple өкілдерінің құлағына жетті
ашық дереккөзі
Жарылып кеткен iPhone смартфонының кесірінен денесінің 30 пайызын күйік шалып, біпр аптадан бері аурухана төсекке таңылған ақтөбелік Ардақ Орынбасарова Apple өкілдерінің туыстарымен байланысты, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы. "iPhone 5S тоққа қосылып тұрмаған болатын (БАҚ бұдан бұрын телефонның зарядталып тұрғанын жазған), ол төсектің жанында жатты. Таңертең бір шараға баруым керек болатын, сол себепті барлық заттарымды даярлап қойдым, тіпті тонымды да ілгіштен алып қойған едім. Түнде біреу итеріп жібергендей болды. Оянсам, төсек жанып жатыр екен. Өрт айфоннан шықты, бірақ ол тоққа қосылып тұрмаған болатын. Зарядтайтын құрылғы өрт кезінде жанып кетті. Ұялы байланыс салонының қызметкерлері келіп кетті. Бұл оқиғадан пайда көргім келіп отырған жоқ, тек не болғанын анықтағым келеді", - дейді Ардақ. Бұл оқиға Мәскеудегі Apple өкілдігін елең еткізді, олар "Диапазон" арқылы зардап шегушіні іздепті. Сәрсенбі күні қыздың туған-туыстарымен хабарласқаны белгілі болды.